|
|
|
Тарихы |
|
|
|
|
|
|
«Ланкастер Груп» құрылғанға дейін оның төрт акционерінің әрқайсысы Қазақстанның экономикалық және саяси өміріне белсенді және табысты түрде ат салысып келген.
1990 жылы үкіметтік мекемеде лауазымға ие болғанға дейін Қаппаров мырза «Акцепт» корпорациясын құрған болатын, соңғысы Қаппаровтың басқаруымен және Досаев мырзаның табысты басқаруының арқасында Қазақстандағы жетекші холдингтік компаниялардың біріне айналды. 1997 жылы «Акцепт» корпорациясы телекоммуникациялар, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын таурлар, көтерме және бөлшек сауда саласында, қызмет көрсетулер саласында әрекет ететін 40-тан астам компанияларға ие болып соларды басқарды.
Сол кездері Қаниев мырза мен Пак мырза Қазақстандағы мұнай өнімдерінің ең ірі дистрибьюторларының бірі «Казнефтеком» мен танымал инвестициялық КВК тобының құрылтайшыларына айналды.
Олардың іскерлік сахнада қол жеткізген табыстарының арқасында Қазақстан үкіметі бұларды үкіметтің алға қойған елдің нарықтық экономикасын қайта құру процессіне ат салысуға шақырды.
Қаппаров мырза төрт жыл бойы мұнай тасымалдаумен айналысатын «Қазтрансмұнай» мемлекеттік компаниясының, «Қазақ мұнай» (қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз») мемлекеттік мұнай-газ компаниясының Президенті мен басты атқарушы директоры лауазымын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі министрінің орынбасары лауазымын атқарып келген болатын.
Досаев мырза Қазақстан Республикасының Қаржы министрі және Денсаулық сақтау министрі лауазымдарын атқарумен қоса, үкімет құрамында тоғыз жылдан астам уақыт қызмет етіп көрнекті мемлекет қайраткеріне айналды.
Қаниев 1998 және 1999 жж. аралығында «ҚазақМұнай» вице-президенті мен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі лауазымын атқарып отырған уақытта Пак мырза «ҚазақМұнай»-да бөлім бастығының лауазымын атқарған.
2003 жылы 30 жылдан астам уақыт бойы жақын дос болып келе жатқан Қаппаров, Қаниев және Пак мырза сатудан тыс активтерін жайғастыру арқылы, активтерін біріктірудің арқасында күш-жігерлерін біріктірумен және жаңадан құрылған және келешек компанияларды ортақ басқарумен және ортақ көзқараспен дамытумен өздерінің іскерлік жайғасымдарын бір холдингке біріктірді. Олардың бірлескен түрдегі әрекеттері «Ланкастер Груп» АҚ-ның құрылуына әкелді.
2006 жылы «Акцепт» корпорациясының өзге акционерлерінің досы және Қаппаров мырзаның бұрынғы әріптесі болған Досаев мырзаны басқа үш акционер «Ланкастер Груп» АҚ-ға тең құқылы әріптес және Директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде шақырған болатын.
Қазіргі кезде «Ланкастер Груп» жылдам қарқынмен дамуда және бизнестің басты сегменттерінде, соның ішінде қаржылық қызметтерді ұсыну, мұнай мен газды шахталық жоғары өрлеме әдіспен өндіру, жекеменшік акциялар мен жылжымайтын мүлікке инвестициялар жұмсау салаларын қоса алғанда ең жоғары потециалды пайдамен мықты жайғасымдарға қол жеткізуде. |
|
|
 |
|
Lancaster
Group компаниясы 25-27 наурызда
ҚМЭБИ-да болып өткен екінші салық салу жөніндегі ғылыми-зерттеу конференциясына
демеушісі болып және соған қатысты...
Қазақстан
Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы өзінің құрылуының 50-жылдығына орай
мерейтойлық кітапша шығарды.
Осы
басылымға арнап арнайы түрде ҚР СӨП Lancaster
Group
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Нұрлан Қаппаровтан сұхбат алды...
|
|