|
|
|
Асқар Әмрин |
|
|
|
|
|
|
Директорлар Кеңесінің мүшесі
Асқар Амрин өзінің еңбек жолын 1997 жылы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Ақмола филиалындағы заңгер-кеңесші лауазымынан бастаған болатын. Артынша ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң мен халықаралық құқық департаментінде қызмет етті. 1998 және 2000 жж. аралығында Әмрин м-за департаменттің ішінде жауапты лауазымдарды, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасының бас маманы, халықаралық құқық пен хаттама басқармасының бас маманы, құқықтық сараптама мен заң жобалау жұмыстары басқармасының бастығы, сондай-ақ Заңдар мен халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2000 ж. ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң департаментінің директоры етіп тағайындалған болатын. 2001 және 2003 жж. аралығында Әмрин м-за Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 2003 және 2006 жж. аралығында ол Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болды. 2007 ж. Әмрин м-за Ланкастер Инвест компаниясының вице-президенті лауазымына тағайындалды.
Әмрин м-за қазіргі кезде Ланкастер Груп Директорлар Кеңесінің мүшесі және Ланкастер Инвест компаниясының вице президенті болып табылады.
Әмрин м-за 1975 ж. Солтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қарағанды қаласындағы Е.Бүкетов атындағы мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша тәмәмдаған. Әмрин м-за үйленген, екі баласы бар. Бос уақытында шахмат ойнаумен, тау шаңғысы мен балық аулаумен әуестенеді. |
|
|
|
|
|
|
|
|
 |
|
Lancaster
Group компаниясы 25-27 наурызда
ҚМЭБИ-да болып өткен екінші салық салу жөніндегі ғылыми-зерттеу конференциясына
демеушісі болып және соған қатысты...
Қазақстан
Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы өзінің құрылуының 50-жылдығына орай
мерейтойлық кітапша шығарды.
Осы
басылымға арнап арнайы түрде ҚР СӨП Lancaster
Group
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Нұрлан Қаппаровтан сұхбат алды...
|
|