Қаппаров м-за
Кеннеди ат. Үкімет Мектебінде Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алғаннан кейін 2003 жылдың мамыр айында
Гарвардтық Орталық Азия Клубын (ГОАК) құрды. Қазіргі уақытта ол аталмыш клубтың Президенті лауазымын атқарады. Қаппаров мырзаның бастамасымен ГОАК Американдық университеттердің түлектері ассоциациясынан келген риторлардың, соның ішінде американдық түлектер мен қазақ мемлекеттік қызметкерлерінің қоса қатысуымен бірнеше «дөңгелек үстелдерді» ұйымдастырды. ГОАК сондай-ақ Қазақстанның дарынды жастарына демеушілік көрсетеді, ол Гарвард университетінде оқуға арнап жыл сайын бес стипендияға арнап қаржы бөліп отырады.
1987 жылы
Республикалық физика-математика мектебін (РФММ) аяқтаумен Қаппаров м-за 1999 жылы Мектеп түлектерінің қорын құрушылардың біріне айналды және қазіргі кезде Түлектер Комитетін басқарады. Қаппаров м-за РФММ-ның қазіргі кездегі Төрағасы болып табылады, мұнда 1000 студент оқытылады, және қазіргі кезде мектеп Қазақстанның дүниетану ғылымдарында жетекші мектеп мәртебесіне ие болған. 1999 жылдан бері қор мектепке арнап шамамен 1 млн. АҚШ долларын жинады.
Қаппаров м-за
Жамбыл Қорының құрушысы болып табылады, ол қайырымдылық іс-әрекетімен айналысады. Ол Оңтүстік Қазақстанда табысы төмен отбасыларынан шыққан балаларға арналған мектеп-интернатының құрылысына арнап 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция енгізіп және мемлекет қорларынан 1 500 000 АҚШ долларын тартты. Математикалық ғылымдарға бейімделген бұл мектепте 500 студент оқытылады және ол соның әкесі туған жерде – Оңтүстік Қазақстан Шымкент ауданының Ат бұлақ аулында орналасқан. Қаппаров м-за сонымен қатар жас қазақстандық скрипкашы 12 жасар Ақхан Мейірбековке оның халықаралық жарыстар мен фестивальдарға қатысуын қолдаумен көмек көрсетті.
Қаниев м-за
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Түлектері Қорының бірлескен құрылтайшысы және соның Түлектер Комитетінің мүшесі болып табылады. Ол еліміздегі жасөспірімдік футболды дамытуға ықпал ету мақсатымен «Арлан» әуесқойлар футбол клубын құрып және артынша клубқа $350K қаржы жұмсады. Қаниев м-за сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Травмотология мен ортопедия институтына демеушілік көрсетеді. Ол институтқа қажетті жабдық пен жиһаз сатып алуға көмектесті және соған қаржылық және басқа түрдегі көмегін үнемі көрсетіп отырады.
Пак м-за Қазақстан кәрістері ассоциациясын (ҚКА) құрушылар мен демеушілердің бірі болып табылады, бұл қоғамдық ұйым кәріс тілінің, мәдениеті мен өнерінің дамуына ықпал етеді және халықаралық мәдени және экономикалық қатынастардың дамуын қолдайды.
Досаев м-за «Дара» қайырымдылық қорының Төрағасы және соның бас демеушісі болып табылады. 2005 жылы құрылған «Дара» қоры жағдайы төмен балаларға көмек көрсетеді, негізінен ол мүгедек немесе ауыр науқасы бар балаларға, жетімдерге және табысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетеді. Досаев м-за қайырымдылыққа қаржылай қолдау көрсетеді, сондай-ақ жаңа демеушілерді тарту үшін өзінің іскерлік топтардағы байланысын пайдаланумен, өз уақытын қаражат жинау мәселелерін шешуге өз еркімен жұмсайды. Досаев сондай-ақ
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Түлектер Қорының бірлескен құрылтайшысы және Түлектер Комитетінің мүшесі болып табылады.