|
|
|
Әлеуметтік жауапкершілік 2005 |
|
|
|
|
|
|
Желтоқсан
ERSAI Caspian Contractor салауатты өмір салты мен спорттық іс-әрекетті өте қолдайды. Осы мақсатта ERSAI компаниясы Құрық кентінде Спорт Орталығының құрылысына кірісумен соған арнап 1 000 000 АҚШ долларын инвестиция ретінде жұмсады. Жаңа орынның ашылу рәсімі 2005 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында болып өтті. Орталық көптеген түрдегі жабдықтарды ұсынады және жергілікті тұрғындардың арасында, сондай-ақ іргелес жатқан ауылдар мен ТМД елдерінен әртүрлі спорттық сайыстарға қатысты тапсырыстарды қабылдайды.
Қыркүйек
KKM Operating Company Қоғамдық Ардагерлер Ұйымының Темір аймақтық бөлімшесіне 1 400 АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Дәл осы айда KKM OC компаниясы Қазақ Зағиптар Қоғамына (Ақтөбелік аймақтық бөлімше) 700 АҚШ доллары көлемінде өз үлесін қосты.
Маңғыстау облысының Балалар Қорынан келіп түскен өтінішке сәйкес және балаларға қолдау көрсету бағдарламасына байланысты ERSAI Caspian Contractor компаниясы Құрық кентінде орналасқан №1 гимназияға арнап қажетті мектептік құрал-жабдық сатып әперді. ERSAI сондай-ақ Құрық кентінің шалғайда орналасқан аудандарында тұратын оқушыларды көлікпен қамтамасыз ету ісін ұйымдастырды.
Мамыр
ERSAI Caspian Contractor компаниясының Құрық кентінің ардагерлері мен жағдайы төмен отбасыларына қатысты әлеуметтік саясатын атап кету қажет. Жеңіс күнінің 60-жылдығын атап өтуге арнап ERSAI Caspian Contractor компаниясы Құрық кентіндегі Ардагерлер үйіне сыйлық ретінде түрлі-түсті теледидарлар сатып әперді.
Сәуір
Ақтөбе қаласының әкімшілігі ірі ауқымды мешіттің құрылысына кірісумен «Ақтөбе мешіті» қоғамдық қорын құрды. KKM OC компаниясы аталмыш құрылыс жобасын қолдау ретінде 37 000 АҚШ доллары көлемінде жарна енгізді.
Наурыз
ERSAI Caspian Contractor компаниясының ауыр науқаспен ауыратын пациенттерге көмек көрсету туралы өтінішке берген жауаптық әрекеті оларды емдеуге арнап 199 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай қолдау көрсетуі болды. ERSAI компаниясына өз өтінішін білдірген алғашқы пациенттердің бірі шалғайдағы ауылда тұратын Өзенғали Әленов болатын. Өзенғали бүйрегін қайта салуға арнап қаржылай көмек алды, ол операция Қытайда жүргізілді. |
|
|
 |
|
Lancaster
Group компаниясы 25-27 наурызда
ҚМЭБИ-да болып өткен екінші салық салу жөніндегі ғылыми-зерттеу конференциясына
демеушісі болып және соған қатысты...
Қазақстан
Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы өзінің құрылуының 50-жылдығына орай
мерейтойлық кітапша шығарды.
Осы
басылымға арнап арнайы түрде ҚР СӨП Lancaster
Group
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Нұрлан Қаппаровтан сұхбат алды...
|
|