SPS | Outlook | Kaz | Rus | Eng
Тарихы
Топтың бөлімшелері
Директорлар кеңесі
Халықаралық әріптестер
Фотогалерея
Баспасөз орталығы
Карьера
Біздің байланысымыз
Әлеуметтік жауапкершілік 2006
Қазан
«Ланкастер Групп» Қазақстанда ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары сапалы білім беруді қолдау жөніндегі табысқа жетер жобаны бастады. NIIT-пен ақпараттық технологияларға үйрету жөніндегі шешім қабылдаудың әлемдік көшбасшыларының бірімен бірлесе отырып «Ланкастер Групп» Қазақстанның басты қалаларында ақпараттық технологиялар жөніндегі бес орталықты ашты. Бірінші орталық туралы айтатын болсақ, NIIT@Futurtech оның есіктерін осы айда Алматы қаласында ашты, және ол қазіргі кезде табысты түрде қызмет етуде.

Ақтөбе қаласының әкімшілігі KKM Operating Company-ға жергілікті тұрғын С.Қ.Ысқақовты емдеуде демеушілік көмек ұсынуын өтінген болатын, KKM OC компаниясы 5 000 АҚШ долларын ұсынумен оның бұл өтінішін орындады.

Қыркүйек
KKM Operating Company Қазақстанның Студенттік Ұлттық Бокс Федерациясына қолдау көрсетумен оған оқу мен даму мүмкіндіктерін жақсартуына арнап 7 900 доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетті.

Тамыз
Жыл сайын өтетін «Каспий теңізі, достық теңізі» атты жазғы концерт Маңғыстау облысын Каспий елдерінің алдында көрсетеді. ERSAI Caspian Contractor компаниясы осы мәдени шараны ұйымдастыруға арнап 70 000 АҚШ доллары көлемінде демеуқаржы ұсынды.

Шілде
KKM Operating Company «Казахавтодор» республикалық ұлттық кәсіпорнының Ақтөбелік еншілес кәсіпорнына жолдарды техникалық-алдын-ала күтімге алу мен жақсарту жөніндегі жұмысын қаржылық қолдау ретінде 79 300 АҚШ доллары көлемінде үлес қосты.

Ақпан
11 ақпанда Гарвардтық Орталық Азия Клубы (ГОАК) Америка Университеттерінің Түлектері Клубымен (АУТК) және Қазақстанның Баспасөз клубымен бірлесе отырып Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі конференцияны өткізді. Экономика, макроэкономика секторларының көрнекті өкілдері мен жоғары қызметтегі саясаткерлер өздерінің осы мәселе бойынша пікірімен бөлісу үшін конференцияға қатысқан болатын. ҚазИнвестБанк ГОАК-ға талқылаудың әсерін барынша күшейтіп және конференцияның сапасын жақсарту мақсатымен 2 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмегін көрсетті.
Ақтөбелік «Көмек» Әлеуметтік Қолдау Көрсетудің Аймақтық Қоры KKM Operating Company компаниясынан өз объектілері мен жобаларын кеңейтуге арнап қаржылық көмек ретінде 25 800 АҚШ долларын алды.

Lancaster Group©2003-2010