|
Қыркүйек
KKM Operating Company (KKM OC) компаниясы Мұнайшылар күнін атап өтті және өз қызметкерлеріне олардың ауыр да адал еңбегі үшін алғысын білдірумен сыйлықтар ұсынды. Барлық қызметкерлер олардың айлық еңбекақысы көлемінде сыйақы алды. Сонымен қоса отыз адам сыйлықтарға – фотоаппараттар, теледидарлар мен ұялы телефондарға ие болды, екі адам жаңа машина алды. KKM OC басшылығы өзінің қызметкерлерге қатысты саясатына әркез ерекше көңіл бөлетін, себебі адамдар олардың ең маңызды активы екендігіне шын сенеді. Компания өз қызметкерлерін ағымдағы оқу және біліммен қамтамасыз етумен, олардың жұмыс жағдайларын жақсартумен және олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін арттырумен оларға үнемі түрде ақшалай қаражаттарды жұмсап отырады.
Құланшы Арт Клубы – өнерді (дәстүрлі бейнелеу өнер түрлері, әдебиет, кинематография, фотография, музыка, сәулет және т.б.) ілгері жылжытуға және таратуға арналған коммерциялық емес ұйым. Екінші Халықаралық Форум Астана мен Алматы қалаларында өткізілген болатын, ол жерде еуропалық және қазақ суретшілерінің еңбектері ұсынылды. Форум кезінде сатылған суреттерден түскен табыс Астана мен Алматыдағы көркемөнер мектептерінде оқитын жағдайы төмен балаларды қаржыландыруға, сондай-ақ Қазақстандағы балалар көркемөнерін дамытуға жұмсалатын. «Ланкастер Групп» 30 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылық көмек жасаумен аталмыш форумды ұйымдастыруға қатысумен мақтаныш сезіміне ие болды.
Тамыз
NIIT@Futurtech 2006 жылдың қазан айынан бастап «Ланкастер Групп» компаниясы мен NIIT арасындағы бірлескен әрекетте табысты қызмет етуде. Ұлттық Инновациялық Қордың қолдауымен аталмыш орталық Қазақстан Республикасына арнап бұқаралық ақпараттық технологиялар жөніндегі білім беру бағдарламасын әзірлеуде. Миссияның мақсаты – ақпараттық технологиялар саласында қоғамның барлық топтары үшін қол жеткілікті болатын жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету, және атап айтқанда, тұрмысы төмендерге ақпараттық технологияларды меңгеруге мүмкіндік беру. Бағдарлама сонымен қатар Президенттің Қазақстанның әлемдегі ең ілгері дамыған 50 елдің қатарына қосылу туралы көзқарасын қолдайды.
Шілде
ҚазИнвестБанк (ҚИБ) Гарвардтық Орталық Азия Клубына (ГОАК) үнемі қолдау көрсетіп отырады. 6 тамыз күні ГОАК Орталық-Азия және Кавказдық Бағдарламаның директоры, доктор Джон Шоеберлайнды Гарвард Университетінде «Көрнекі шешендер топтамасы» дәрістер тобын ашуға шақырды. Шараға талқылау тақырыбы жөніндегі 80 астам маман мен сарапшы, соның ішінде Солтүстік Америка мен Еуропа университеттерінің түлектері қатысты. Дәрістерді ұйымдастыруға көмек беру үшін ҚазИнвестБанк 5 000 АҚШ долларын сыйға тартты, оның 4 000 АҚШ доллары ГОАК-тың веб-сайтын жаңартуға жұмсалды.
KKM Operating Company Ақтөбе облысы Зерделік спорт түрлері федерациясына жарыстарды ұйымдастыруға көмек көрсетумен 1 600 АҚШ долларын сыйға тартты.
Маусым
ВИЧ/СПИД, көксау мен малярия жөніндегі Дүниежүзілік Іскерлік Коалиция (ДІК) (Global Business Coalition) – сауда-өніркәсіптік іс-әрекеті секторының бірегей дағдылары мен тәжірибесін қолданумен СПИД індетімен күрес жүргізу үшін құрылған 200 астам халықаралық компаниялардың барған сайын қатары кеңейіп келе жатқан одағы. «Ланкастер Групп» Қазақстандағы әлемдік індетпен күресу әрекеттерін қолдау бойынша ДІК-ның мүшесіне айналған алғашқы компания болып табылады. ДІК-ның қатарына қосылумен «Ланкастер Групп» Үкімет пен оның елдегі ВИЧ/СПИД пен көксаудың алдын алу және сонымен күрес жүргізу жөніндегі іс-әрекеттерін/ұлттық стратегияларын қолдауға бағытталған өз мойнына алған міндеттемелерді көрсетеді.
KKM Operating Company Ақтөбе қаласының әкімшілігімен әлеуметтік жобалар саласына қатысты тығыз қатынас жасайды және мерзімді түрде қаржылық және басқа түрдегі көмегін ұсынып отырады. Маусым айында әкімшіліктің өтініші бойынша KKM OC өзінің қоршаған ортаны жақсарту мен қаланы таза күйінде сақтауға бағытталған іс-әрекетін қолдау мақсатында жалпы құны 69 000 АҚШ долларын құрайтын екі қоқыс шығарғыш машина сатып алды. Дәл осы айда KKM OC компаниясы қала әкімшілігіне Ақтөбе қаласында мешіт салуға арнап 49 200 АҚШ долларын ұсынды.
Мамыр
Ақтөбе облысындағы әлеуметтік жобалардың тұрақты демеушісі болғандықтан, KKM Operating Company Қорғаныс министрлігіне Жеңіс күніне ардагерлерге арнап іс-шаралар ұйымдастыру үшін 160 доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетті. Осы айда Батыс-Қазақстан облысын өнеркәсіптік инновация мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың қоғамдық қоры қала әкімшілігінің өтінуі бойынша KKM OC компаниясынан 182 900 АҚШ долларын алды.
Түйелер керуені – Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен жергілікті үкіметтен тыс ұйымдар мен іскер адамдар ұйымдастырған қайырымдылық шара. Жібек Жолы мен көшпенділердің белгісі ретінде өздерін белгілі жергілікті суретшілер, бизнесмендер, актерлер мен спортшылар ашық түстерге бояған 30 түйенің мүсіндері айналаны безендіру үшін бүкіл қала бойынша орнатылған болатын. Түйелер корпорацияларға сатуға қойылған, және осыдан түскен ақшалай соманың белгілі бір мөлшері Алматы қ. ауруханаларына арнап қымбат медициналық жабдықты сатып алуға жұмсалатын болады деп көзделуде. «Ланкастер Групп» түйенің мүсінін 7 200 АҚШ долларына сатып алумен өз үлесін қосты, ол мүсін біздің кеңселеріміздің қасбетін безендіру үшін жақында әкелінетін болады.
Сәуір
Атырау қаласындағы жанұя түріндегі жетімдер үйі 200 астам балаларға арналған мектеп-интернатпен бірге 12 отбасына тұрғын үй ұсынады. «Сырымбет» 4 және 16 жас аралығындағы 27 баланы асырап отырған сегізінші отбасына қамқорлық жасайды және үнемі түрде қолдау көрсетіп отырады. Сәуір айында бес жаңа Pentium-IV компьютері балаларға сыйға тартылды және дәл осы айда «Сырымбет» оларға толық киім-кешек жиынтығын сатып әперді. Қазіргі уақытқа дейін отбасын қолдауға арнап 500 000 АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалған. Өзінің әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасына сәйкес «Сырымбет» сондай-ақ жергілікті мамандарды оқытуға арнап мерзімді түрде мүмкіндік ұсынуда, бұл мақсаттарға арнап 24 300 АҚШ доллары бөлінген болатын.
KKM Operating Company Құқықтық тәртіп қоғамдық қорының қылмыстың алдын-алу жөніндегі іс-әрекетінің тиімділігін барынша тиімді ету үшін оған құны 158 000 АҚШ долларын құрайтын 100 компьютер мен программалық қамтуды сатып алумен өз үлесін қосты.
Қазақстан Республикасының Үстелүсті теннисі федерациясы еліміздегі спортты дамытуға белсенді түрде ас салысуда. Қазақстанның теннисшілері Азияда танымал болуға тырысуда, және оларды үнемі түрлі жарыстарға қатысуға шақыртып жатады. «Ланкастер Групп» Үстелүсті теннисі федерациясына қаржылай көмегін ұсынды, бұл көмегін ол үстелүсті теннисінің ұлттық командасына халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріп және Федерацияға өзінің келешегінен үміт күттірген жас теннисшілерді анықтап және оларды үйрету ісіне ықпал ету үшін ұсынған болатын.
Наурыз
«Ланкастер Групп» «Ар-намыс дауысы» қорының адамның діни, құқықтық еркіндігі мен барлық әлемдегі өзара-діни сұхбатты ілгері дамыту жөніндегі іс-әрекеттерін үнемі түрде қолдап отырады. «Ланкастер Групп» 2007 жылдың 27 наурызында Бритиш Петролеум Групп атқарушы билігінің басшысы Лорд Браун Мэдингли мен БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Қадірменді Ричард С. Холбруктың (1999-2001) құрметіне арнап өткізілген Ынталандыру сыйақылары қонақасын қолдап 10 000 АҚШ долларын қайырымдылықпен сыйға тартты.
Ұлттық Наурыз мерекесін атап өту кезінде Ақтөбе қаласының әкімшілігі азаматтарға арнап түрлі оқиғалар мен шаралар ұйымдастырды. ҚазИнвестБанк мерекені қолдап және адамдарды қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сай сайыстарға қатысуға ынталандыру үшін 4 000 АҚШ долларын сыйға тартты.
Ақпан
ҚазИнвестБанк жыл сайын өтетін Веналық Қайырымдылық Би кешіне қатысты, ол оған 2 800 АҚШ доллары көлемінде өз үлесін қосты. Hyatt қонақ үйінде өткізілген бұл шараны Алматыдағы «Ротари» клубы ұйымдастырған болатын. «Ротари» - іскер және кәсіби көшбасшылардың дүниежүзілік ұйымы, ол гуманитарлық қызметтерді ұсынады, барлық мамандықтардағы жоғары әдептік стандарттарға қолдау көрсетеді және бүкіл әлемде еркін ниет пен тыныштықты құруға көмектеседі.
Гарвардтық Орталық Азия Клубының (ГОАК) тұрақты демеушісі болғандықтан, ҚазИнвестБанк клубты еңбек ресурстарының сапасы жөніндегі конференцияны ұйымдастыруда 3 200 АҚШ доллары көлемінде қаржыландырды.
ERSAI Caspian Contractor төмен ауқатты отбасылар мен жетім балаларды қолдауда. Қарақиян ауданының Жалдау және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ынтымақтасумен ERSAI Құрық кентінде тұрақты түрде тұрып жатқан үш төмен ауқатты отбасын қамқорлыққа алған. Осы үш отбасы, сондай-ақ аталмыш кенттің екі жетімі қамқорлыққа алынған және ай сайынғы ақшалай жәрдемақымен қамтамасыз етілуде. |
|