10 маусым
VSAT жер серіктік байланыс операторы және «Hughe»s компаниясының жүйелік интеграторы «Айпинэт» комананиясы М.В.Ломоносов атындағы ММУ санаторий-профилакторийіне демеушілік жәрдем көрсетті.
Демеушілік көрсетудің мақсаты – қосымша назар аударуға және қолдауға мұқтаж әрбір адамға көмектесу. «Айпинэт» комананиясы қайрымдылық көрсету келісім-шартына сәйкес 2008 жылдың бірінші тоқсанында М.В.Ломоносов атындағы ММУ студенттері мен қызметкерлеріне гипоксикалық емдеуге арналған «ТАУ АУАСЫ» БИО НОВА-204 санитарлық-профилактикалық құрылғысын сыйға тартты.
Бұл «Айпинэт» комананиясының бірінші қайрымдылық шарасы емес, компания 2003 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың спорттық шараларына демеушілік жәрдем көрсетті, сондай-ақ соңғы бес жыл бойы ММУ-ға әртүрлі кеңсе техникаларын сыйлап келеді. Компанияның М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ға көрсеткен демеушілік жәрдемінің жалпы сомасы жарты миллион рубльге жуық.
«Айпинэт» комананиясының ұжымы мемлекеттік мекемелерге әлеуметтік қолдау көрсетіп, жаңа қайырымдылық бағдарламалары мен шараларына белсенді қатысуға дайын.