SPS | Outlook | Kaz | Rus | Eng
Тарихы
Топтың бөлімшелері
Директорлар кеңесі
Халықаралық әріптестер
Фотогалерея
Баспасөз орталығы
Карьера
Біздің байланысымыз
Қаңтар 2006
KKM Operating Company (KKM OC) өзінің 2005 жылғы мұнай өндіру жөніндегі іс-әрекетінің нәтижелерін хабарлады – 103 000 тонна.

Ланкастер Инвест хабарлағандай, «Advant» венчурлық қорының «G-Media» АҚ компаниясы Павлодарда өзінің жаңа жобасын іске қосты.

Ақпан 2006
ҚазИнвестБанк (ҚИБ) JP Morgan Chase Bank банкінің Қазақстан нарығына сомасы 13,2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 10-жылдық облигациялардың жергілікті ақшасын алғаш шығаруына арнап ұйымдастырушы мен жазылу агенті ретінде қызмет етті.

Сәуір 2006
Айпинэт Ресей Федерациясындағы HughesNet HN7700 атты жоғары тиімді кең жолақтық серіктік маршруттауышты қолданатын алғашқы компанияға айналды, ол үлкен кәсіпорындардың нарықтарына, үкімет пен шағын/орта кәсіпорындарға арнап жоғары жылдамдықтағы қатынауды қамтамасыз етуге арналған. Компания ең негізгі ресейлік бөлшектік саудагерлер үшін серіктік байланыс желісі қызметтерін ұсынудың көшбасшысына айналды.

Мамыр 2006
KKM Operating Company (KKM OC) Директорлар Кеңесіне жаңа мүшенің Андрей Шовкоплястың кіргені туралы хабарлады. Шовкопляс м-за сол кезге дейін өзінің уәкілеттіктері доғарылған М.Сапарғалиев мырзаны алмастырды.

Ланкастер Инвест хабарлағандай, «G-Media» АҚ үшін 5,3 миллион АҚШ долларын құрайтын несиелендіру көзінің желісін Қазақстанның Даму Банкі бекіткен болатын. G-Media – өзін «Advant» венчурлық қоры былтырғы жылдың желтоқсан айында сатып алған жергілікті телекоммуникациялық компания.

Маусым 2006
ERSAI Caspian Contractor LLC қадалар мен шырақтық қондырғыларды жасау жұмыстарын орындады. Жұмыстардың бұл көлемі Қашаған жобасына арнап AGIP KCO компаниясымен жасасқан келісімшарт бойынша басталған болатын. Хабарланғандай, 44 қада, 6 шырақтың қондырғы және шырақтық қондырғыларға арнап 2 тіректік блок пен шырақтық мұнара жасалған. ERSAI Caspian Contractor LLC сондай-ақ зауытта жалпы салмағы 7000 тоннаны құрайтын болаттан жасалған қосалқы металды құрылымдар мен құбырларға арнап сөрелердің жасалғаны, құрастырылуы мен орнатылғаны туралы хабарлады.

Шілде 2006
KKM Operating Company (KKM OC) компаниясының жарғысы ағымдағы заңнамалық талаптарға сәйкес келетін жаңа басылымында бекітілген болатын.

ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясы жүк көтергіштігі 1000 тонна және ұзындығы 40 м құрайтын мұнаралық кранды орнату мен құрастыру жұмыстарына кірісті. Мұнаралық кран – Каспий теңізіндегі әрекеттегі Yard-қа құрылымдарды тиеп және түсіріп алуға мүмкіндік беретін жалғыз ғана жабдық болып табылады.

Ланкастер Инвест Үндістанның Ұлттық Ақпараттық Технологиялар Институтымен (NIIT) басты франшиздік келісімге отырды. Ақпараттық технологиялардың шешімдерін зерттейтін NIIT атты әлемдік корпорация өзінің білім беру және ақпараттық технологияларды оқыту саласындағы жаңашылдық жұмысымен танымал. Ланкастер Инвест сондай-ақ «Advant» венчурлық қоры мен жекеменшік инвестордың FuturTech LLP атты ақпараттық технологиялар институтын құрғаны туралы хабарлады.

Lancaster Group©2003-2012