SPS | Outlook | Kaz | Rus | Eng
Тарихы
Топтың бөлімшелері
Директорлар кеңесі
Халықаралық әріптестер
Фотогалерея
Баспасөз орталығы
Карьера
Біздің байланысымыз
Қаңтар 2007
KKM Operating Company (KKM OC) хабарлағандай, 2006 жылы мұнай өндірудің көлемі 106 700 тоннаға дейін артты.

Ланкастер Инвест KKM Operating Company (KKM OC) компаниясымен Кеңес берулерді ұсыну туралы келісімшарт жасасты. Инвестициялық қоржындарды басқару лицензиясын Ланкастер Инвест компаниясына Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (AFN) ұсынған болатын. Компания сонымен қатар Ілъяс Қазиевтың вице-президент лауазымына тағайындалғаны туралы жариялады.

2006 жылдың қыркүйек айында «Ланкастер Групп» компаниясы мен Франк Оренштейн мырзаның арасында басталған қонақжайлылық саласында әрекет ететін инвестициялық компанияны құру жөніндегі талқылаулардан кейін кәсіпорын Сейшел аралдарының жекеменшік аралында қонақ үй, қала шетіндегі үй мен еспелі қайық айлағын салу жөніндегі жаңа жобаның 50% үлесін сатып алды. Рафлс қонақ үйлері мен курорттары олардың құрылысы аяқталғаннан кейін 2008 жылы қызмет ете бастайды.

Ақпан 2007
Ланкастер Инвест хабарлағандай, Global New Life (Әлемдік Жаңа Өмір) фармацевтикалық жобасын «Advant» венчурлық қорының акционерлері қолдады. Сонымен бірге Special Investments Closed үлестік инвестициялық трест құрылып Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінде (AFN) тіркелді.

ҚазИнвестБанк (ҚИБ) өзінің Халықаралық Саудаға Ықпал ету Бағдарламасына сәйкес Еуропаның Қайта құру және Даму Банкімен (ЕҚҚДБ) тағы бір келісімшарт жасасты. Объектінің бағасы 2 жыл мерзімге дейін 10 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл объект ҚИБ-қа өз тапсырыс берушілеріне арнап халықаралық саудалық мәмілелерді қаржыландыруды кеңейтуге, б.а. өз клиенттеріне металл өңдеу өнімдері мен мұнай өнімдері өнеркәсібі саласында, күнделікті тұтынатын тауарлар, сондай-ақ астық саласында несие ақша беруге мүмкіндік береді.

Наурыз 2007
Alatau Hospitality Limited компаниясы Кипрда «Ланкастер Групп» компаниясының қазіргі акционерлері мен Франк Оренштейн мырзаның өзара бірлесіп құрған кәсіпорны ретінде тіркелген болатын. Жаңа компания былтырғы жылдың қыркүйек айында басталған келіссөздердің нәтижесінде құрылған болатын. Қонақ үйлердің табысты әзірлеушісі Оренштейн м-за Alatau Hospitality компаниясына өз үлесін қосумен, қонақ үй индустриясына үлкен тәжірибе әкелуде. Alatau Hospitality құрылғанға дейін Оренштейн м-за Hospitality Investors Group-тың (HIG) Төрағасы болатын, бұл Еуропа, Африка мен Солтүстік Америкадағы қонақ үйлердің стратегиялық активтерін иеленіп және басқарып отырған жеке акционерлік инвесторлардың консорциумы болып табылады. Ланкастер Инвест көше жабдықтарындағы жарнамамен айналысатын «Перекрёсток ЖСЖ» АҚ қазақстандық жетекші компаниясының 80% үлесін сатып алды. 1998 жылы құрылған «Перекрёсток ЖСЖ» 14 басты қалада орналасқан автобустық аялдаманың үстіндегі 730 жабынды басқарады, олардың басым бөлігі Алматы мен Астанада.

Сәуір 2007
Сырымбетте инженерлік-құрылыстық жұмыстар басталды, өндіру жұмыстары осы жылдың соңында немесе 2008 жылдың басында басталады деп жоспарлануда.

Ланкастер Инвест Data Mining LLP алтын өндіру компаниясының 50% үлесі мен Global Pharm LLP дәрі-дәрмек компаниясының 35% үлесін сатып алды. G-Net жобасын «G-Media» АҚ Ақтөбе, Қарағанды және Өскемен қалаларында іске қосты. Осы айда компания жариялағандай, Асқар Әмрин, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары Ланкастер Инвест компаниясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Мамыр 2007
Ланкастер Инвест JC Decaux француз тобына «Перекрёсток ЖСЖ» АҚ-ның 50%-дық үлесін сатты. JC Decaux - барлық маркетингілік аумақтарда (көшелерді жабдықтау, жарнамалық қалқандар, көліктегі жарнама және сандық жарнама) әрекет ететін әлемнің сыртқы жарнама бойынша жетекші компанияларының бірі. Еуропада бірінші және әлем бойынша екінші орынды иеленіп отырған JC Decaux компаниясы осындай сатып алу арқылы Қазақстанның жарнамалық нарығына енді.

Директорлар Кеңесі Д.Смағұловтың басқа жұмысқа ауысуына орай оны KKM Operating Company Президентінің міндеттерін атқарудан босату туралы шешім қабылдады. Директорлар Кеңесінің мүшесі Андрей Шовкопляс компания Президентінің лауазымына тағайындалған болатын.

Маусым 2007
Европаның Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚҚДБ) ҚазИнвестБанктің (ҚИБ) акцияларына 20 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Citi Venture Capital International (CVCI) ҚИБ акцияларына 20 миллион АҚШ долларын және айырбасталатын облигациялар ретінде 12 миллион АҚШ долларын инвестициялады, мұнысы CVCI компаниясының Қазақстандағы алғашқы инвестициясы болып табылады. Осының нәтижесінде ҚИБ-тың акционерлік капиталы 37 миллион АҚШ долларынан 80 миллион АҚШ долларына дейін артты.

Ланкастер Инвест хабарлағандай, түріктің Soyak Insaat ve Ticaret A.S және Tahincioglu Gayrimenkul Insaat ve Turizm A.S. компанияларымен жүргізген келіссөздер «Soyak-Lancaster-Tahinci» ЖШС бірлескен кәсіпорнының құрылуына әкелді .

KKM Operating Company (KKM OC) Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен Көкжиде мен Құмсай кеніштерінде жүргізіліп жатқан іздестіру-барлау жұмыстарының мерзімін 2008 жыл бойы ұзарту туралы келісімшартқа қол қойды. Көкжиде кенішіндегі Қытайдың «Синопек» ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірлескен түрдегі бұрғылау әрекеттері жалғаса түсті.

IPЖелі серіктік байланыс желісі терминалдық станцияларға жетумен үш есе үлкейді. «IPЖелі» АҚ серіктік байланыс жөніндегі мемлекеттік оператор және сертификатталған жеткізуші және де Ресейдегі Hughes Network Systems (HNS) шешімдерін жүйелі ықпалдастырумен айналысатын компания болып табылады. 2000 жылы құрылған IPЖелі Мәскеудегі өзінің меншікті Орталық Серіктік Басқару Станциясын басқаруда.

Lancaster Group©2003-2010