|
|
|
Қазан 2008 |
|
|
|
|
|
|
Асқар Әмрин Ланкастер Групп Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі етіп тағайындалды. Жаңа тағайындау 2008 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енді және ол компанияның ұйымдық құрылымындағы өзгерістермен байланысты болып келеді. 2007 жылы Lancaster Invest компаниясына Вице Президент лауазымына тағайындалмас бұрын Асқар Әмрин Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-Министрі лауазымын атқарған болатын.
Ланкастер Петролеум компаниясы қазанның 7-10-ында Алматы қ, Қазақстанда болып өткен 16-шы халықаралық мұнай-газ көрмесі мен KIOGE-2008 конференциясына қатысты. Lancaster Petroleum KIOGE көрмесінде алғаш рет ұсынылған болатын. Компанияға деген жоғары қызығушылығын көрмеге келушілер мен қатысушылары, отандық және шетел компанияларының директорлары мен менеджерлері, іздеушілер, студенттер және өзге де көптеген тұлғалар білдірді. Көрме күндері компания қызметінің басым бағыттары ретінде компанияны таныстыру, жоғары білікті мамандарды тарту, потенциалды мердігерлерді іздестіру болды. Компания президенті, еңбек ресурстары департаментінің директоры, коммерциялық бөлімнің PR маманы мен менджері қатысқан тақшаның төрт күнгі жұмысының нәтижесі ретінде Lancaster Petroleum компаниясын жыл сайын әлемнің 30 елінен шамамен 600 экспонент-компанияны жинайтын негізгі мұнай-газ көрмесінде сәтті түрде таныстыру болды. |
|
|
Қыркүйек 2008 |
|
|
|
|
|
|
«Lancaster Group Kazakhstan» АҚ 2008 ж. 30 қыркүйекте Қоғам Директорлар Кеңесімен акционернінің мүдделеріне қатысы бар келесі шешім қабылдағанын хабарлайды: «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ-мы «Lancaster Invest» АҚ-мен «RTS-Decaux» АҚ-ның 30% акцияларын мүліктену туралы маңызды мәмілені бекіткенін хабарлайды.
|
|
|
Тамыз 2008 |
|
|
|
|
|
|
Тамыздың 26-сында ЕРСАЙ компаниясы ЕРСАЙ-400 ЖҮЗБЕЛІ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ келіп аялдағаны туралы хабарлады. Теңіз кемесі 400 адамды жайғастыруға арнап толықтай жабдықталған. Жүзбелі қонақ үйінің негізгі сипаттамалары: ұзындығы – 102,8 метр, неі – 16,20 метр. Айлабұйымдар: 200 адамға арналған асхана, 5 кеңсе, тікұшақтық палуба. Жүзбелі қонақ үйі Каспий теңізіне Сан Джиорджио (Генуя, Италия) айлағында қайта жабдықталғаннан кейін келіп жетті. ЕРСАЙ-400 әрекеттегі флотқа қосылуда, ол қазіргі кезде арнайыландырылған кемелерден тұрады: ЕРСАЙ-1 құрылыс баржасы және жақын арада сатып алынған ЕРСАЙ-2 крандық баржасы. Бүкіл флот «Қашаған» кенішіндегі іске қосу мен пайдалануға енгізу жұмыстарына қатысатын болады.
|
|
|
Шілде 2008 |
|
|
|
|
|
|
Ланкастер Петролеум компаниясы «Көкжиде» карнизасты кенішін сынамалық түрде пайдалану жобасына арналған қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру жөніндегі кезекті қоғамдық тыңдауларды өткізді. «Сынамалық пайдалану жобасы Қазақстан Республикасының экологиялық стандарттары мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Көкжиде карнизасты кенорны Көкжиде құмдарының солтүстік шекараларынан 2,8 км арақашықта орналасқан. Қоршаған ортаға қатысты жүргізіліп жатқан экологиялық мониторингінің нәтижелері нормаға сай», деп атап өтті өзінің баяндамасында «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС инженер-экологы Марта Әбір. |
|
|
Маусым 2008 |
|
|
|
|
|
|
Ланкастер Петролеум компаниясы Көкжиде кенішіндегі барлау ұңғымаларының құрылыс жұмыстарының қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға берудің техникалық жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді. Маусымның 12-де Кеңқияқ кентінде болып өткен тыңдауларда мемлекет құрылымдарының өкілдері, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аймақтық бөлімшесінің өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар жиналды. Өз тұжырымдарын өкілдер «АктюбНИГРИ» АҚ мен «Батысэкопроект» ЖШС-ның инженер-экологтары ұсынды. Рүстем Алдияров өзінің баяндамасында барлау ұңғымаларын салу кезіндегі қоршаған ортаға тигізілетін жергілікті және уақытша әсердің дәрежесін атап кетті. Тұтастай алып қарағанда, әсер ету деңгейі барынша төмен деп сипатталуда. «Біздің компания әркез өзінің сындарлығымен, ашықтығы мен қоршаған ортаға деген қастерлі көзқарасымен ерекшеленген. Кен игеру қызметінен қоршаған орта компоненттеріне түсетін техникалық жүктемелер жылдан жылға төмендеп келеді. Қазіргі кезде біз біздің ұңғымалардан болатын ластанулар барынша төмен деп қуана-қуана айта аламыз»,- деді Ланкастер Петролеумнің техникалық директоры Талғат Ысмағұлов.
|
|
|
Мамыр 2008 |
|
|
|
|
|
|
«Курсив» газетінің зерттеулеріне сәйкес ҚазИнвестБанк 2008 жылдың бірінші тоқсанында депозиттер тарту бойынша Қазақстанның барлық банктерінің арасында көшбасшы болды.
Жеке тұлғалардың депозиттік базасы 2008 жылдың бірінші тоқсанында 370%-ға өсіп, 9 615 171 мың теңге болды. Басқа банктерде бұл көрсеткіштің өсуі орташа 13,6%-дан аспады, ал кейбір банктердің депозиттік базасы бірінші тоқсанда едәуір азайды. ҚазИнвестБанк стратегиясына сәйкес 2007 жылдың соңында бақуат клиенттермен жұмыс істеуге бағытталған Priority Banking бөлімшесі құрылды. Осы бөлімше жұмысының нәтижесінде жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі айтарлықтай көбейді. Бұл банк стратегиясының депозиттер тартудағы қатаң бәскелестік жағдайында да тиімділігін көрсетеді.
ҚазИнвестБанк активтерінің 70 178 714 мың теңге болатын жалпы көлемімен 2008 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан банктерінің рэнкингінде 14 орынды иемденді.
«АЙПИНЭТ» қызмет нәтижелері бойынша беделді «Эксперт» журналының рейтингіне кіріп, Ресей жер серіктік байланысының Ресейдің телекоммуникациялық рыногындағы 10 көшбасшының арасында 7 орынды иемденген, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жалпы рыногындағы аса ірі компаниялар рейтингінде 70 орын алған бірден бір компаниясы болды.
|
|
|
 |
|
Lancaster
Group компаниясы 25-27 наурызда
ҚМЭБИ-да болып өткен екінші салық салу жөніндегі ғылыми-зерттеу конференциясына
демеушісі болып және соған қатысты...
Қазақстан
Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы өзінің құрылуының 50-жылдығына орай
мерейтойлық кітапша шығарды.
Осы
басылымға арнап арнайы түрде ҚР СӨП Lancaster
Group
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Нұрлан Қаппаровтан сұхбат алды...
|
|