SPS | Outlook | Kaz | Rus | Eng
Тарихы
Топтың бөлімшелері
Директорлар кеңесі
Халықаралық әріптестер
Фотогалерея
Баспасөз орталығы
Карьера
Біздің байланысымыз
Наурыз 2010
26.03.10

Lancaster Group компаниясы 25-27 наурызда ҚМЭБИ-да болып өткен екінші салық салу жөніндегі ғылыми-зерттеу конференциясына демеушісі болып және соған қатысты. Аталмыш шара ҚМЭБИ-дің Халықаралық зерттеу конференциясының жеке курсы шеңберінде, салық салу саласының мамандары мен салық салу саласын оқып жатқан студенттердің арасында академиялық зерттеулер мен талқылаулар өткізу мүмкіндігін ұсыну мақсатында жүргізіліп отыр.

Lancaster Group компаниясы ҚМЭБИ ғылыми конференцияларының мерзімді демеушісі болып табылады. «Біз осындай бастамалық шараларды қолдаймыз, себебі олар ғылыми және іскер салаларды бір-бірімен байланыстырады. Бизнес, негізінде нормалардың тұрақтылығы мен әділеттігіне байланысты болып келеді. Қазақстанда салық салу жөніндегі мамандардың көп болуы бизнеске, мемлекеттік органдар мен тұтастай қоғамға жағымды әсерін тигізетін болады», деп сөйлеп кетті Lancaster Group президенті Қасым Әбжанов.

Биылғы жылы конференция ҚМЭБИ студенттерінің бірқатар зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ салық салу саласының белгілі қазақстандық мамандарының қатысуымен сипатталуда.

Конференция жайлы толық ақпарат ҚМЭБИ сайтында www.kimep.kz/ru-about/news/mar2010/KIRC-tax


Желтоқсан 2009
Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы өзінің құрылуының 50-жылдығына орай мерейтойлық кітапша шығарды. Осы басылымға арнап арнайы түрде ҚР СӨП Lancaster Group Директорлар кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қаппаровтан сұхбат алды.

«Шоғырланужетістіктерге апарар жол» мақаласын оқыңыз interview-for-cci.pdf [84 Kb] (cкачиваний: 1)

14.12.09

Lancaster Group Директорлар кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қаппаров АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі орынбасары Роберт Блейктің төрағалық етуімен өтетін дөңгелек үстелге қатысу үшін шақыртылған болатын.

Желтоқсанның 14-інде Алматыда өткен дөңгелек үстелдің жұмысына қазақстандық кәсіпкерлер мен бизнес-көшбасшылар АҚШ президенті Барак Обаманың Вашингтонда 2010 жылдың бірінші тоқсанында өткізетін Президенттік Кәсіпкерлік Саммитінің қарсаңындағы мәселелерді талқылау үшін қатысқан болатын. Мемлекеттік хатшы Блейк өткізген дөңгелек үстел Қазақстандағы экономикалық мүмкіндіктер мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған шаралардың алғашқысы болып табылады.

Толық ақпарат пен баспасөз хабарламасы http://russian.kazakhstan.usembassy.gov/pr-12-11-09-2.html

01.12.09

«ЕРСАЙ» компаниясы 2009 жылы Тұрақты даму Бағдарламасының шеңберіндегі Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды сәтті аяқтауда. Компания 2009 жылы Тұрақты даму Бағдарламасына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, жағдайы төмен отбасыларына материалдық қолдау көрсету және спортттық шараларға демеу жасау саласына қатысты әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға арнап меншікті қорынан бөлінген 28 миллион теңгені толығымен игерді.

Толық ақпарат пен баспасөз хабарламасы ЕРСАЙ сайтында www.ersai.kz

Қараша 2009
23.11.09

Lancaster Group Директорлар кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қаппаров Нью-Йорктегі Қазақстан бойынша жыл сайынғы екінші инвестициялық форумға қатысты. Аталмыш шара Қазақстан Үкіметі мен ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестициялық сұхбатқа арнап тиімді платформа құру және іскерлік әріптестікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Форумға үкімет пен бизнес-құрылымдардың өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация қатысты. Lancaster Group компаниясымен қатар форумда қазақстандық бизнестің өкілдері ретінде Visor Capital, Capital Partners, Тұран Әлем Банк және т.б. шықты.


17.11.09

Қазақстан мен АҚШ-тың арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (PPEPI) құру бастамасы шеңберінде Американың Сауда Палатасы тақырыптық дөңгелек үстел өткізді, оған Lancaster Group Директорлар кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қаппаров қатысты. USAID мен Еуропаның Қайта құру және Даму банкінің қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел қарашаның 17-інде ИнтерКонтиненталь мейманханасында болып өтті.

PPEPI – АҚШ пен Қазақстан үкіметтерінің Қазақстанның экономикасын дамытуға және іскер ортаны жақсартуға бағытталған екіжақты бағдарламасы. Бағдарламаның басымдылыққа ие бес бағыты бар: экономикалық әртараптандыру/ ШОБ дамыту; аймақтық экономикалық ырықтандыру; сыбайлас жемқорлықпен күрес және заң нормаларын ұстану; айқындылығы мен экономикалық тиімділігін арттыру; және ғылыми-техникалық әріптестік. Америка сауда палатасының шақыртуы бойынша Нұрлан Қаппаров осы бағдарламаға қатысады және айқындылығы мен экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерімен айналысатын жұмыстық топты басқарады.

PPEPI бағдарламасы жайлы Америка сауда палатасының сайтынан қараңыз www.amcham.kz/ppe


Қыркүйек 2009
25.09.09
Lancaster Group
компаниясы «ДАРА» жекеменшік қайырымдылық қорының «Дәнекер» жобасының шеңберінде демеуші болып есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №5 арнайы мектеп-интернатқа арнап кәсіби футбол алаңын сатып алуға ат салысты.

Қазіргі кезде интернатта 7 және 18 жас аралығындағы 183 керең және нашар еститін бала оқытылады. Мектептің ерекше мақтанышы – футбол командасы, ол Республика чемпионатының жарыстарына Қазақстанның кереңдер қоғамының 16 жасқа дейінгі құрамасының құрамында қатысып үлгерген, Сеул, (Оңтүстік Корея) мен Словакияға мини-футбол бойынша жарыстарға барып келді. 2009 жылдың 25 қыркүйегінде №5 мектеп-интернатта болып өткен футбол алаңының ашылу салтанатына Алматы қаласы Әкімдігінің, ҚР Тұңғыш Президент қорының, Қазақстан Футбол Федерациясының өкілдері қатысты. Музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыруда «Скилз» және «Перцы» топтары тегін көмегін ұсынды.

Lancaster Group компаниясының тікелей қолдауымен аталмыш жобаны жүзеге асыруға 5 млн. теңге жиналған болатын.


Шілде 2009

Нұрлан Қаппаров, Lancaster Group Директорлар кеңесінің Төрағасы, Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының “Investors’ Voice” журналының маусым айындағы №35 шығарылымына сұхбат берді

Келесі мақаланы оқу improving-the-business-environment.pdf [1.12 Mb]

23.07.09

2009 жылғы тұрақты даму бағдарламасы шеңберінде ЕРСАЙ Құрық а. Қарақияқ аудандық аураханасына жалпы сомасы 501,000.00 теңгені құрайтын медициналық аспаптардың жиынтығын тапсырды.

Компания Құрық а. Қарақияқ аудандық аураханасын жарақтандыру және оған қажетті медициналық жабдықты сатып әперу ісіне белсенді түрде ат салысумен аталмыш мекемемен осымен екінші жыл бірге жұмыс істеп келеді.

«ЕРСАЙ компаниясына алғысымды білдіргім келеді. ЕРСАЙ компаниясымен осымен екі жыл бойғы тығыз ынтымақтастығымыздың арқасында біз денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі тұрақты дамуды жүзеге асыру саласындағы жобаларымыздың іске асырылып жатқандығы туралы және компанияның соларды жүзеге асыруға ат салысып отырғандығын мақтаныш етіп айта аламыз», дейді Құрық а. аудандық ауруханасының бас дәрігері Бақыгерей Төлешев.

Компанияның тұрақты даму бағдарламасы шеңберіндегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға арнап ЕРСАЙ 28миллион теңге ақша бөлді.

07.07.09

«ЕРСАЙ» компаниясының қаржылық қолдау көрсетуімен Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығының (Сызғанов ат. ҰҒХО) қазақстандық бес кардиохирург-маманы Италияның Бергамо қаласындағы кардиоорталық клиникасына машықтануға жіберілді.

Дәрігерлердің мұндай оқытылуы артынша туа біткен жүрек ақауы бар балаларға өз отанында операция жасау және операциядан кейінгі реабилитациялау тәжірибесін бастауға мүмкіндік беретін болады.

«ЕРСАЙ» компаниясы Қазақстандағы балалар денсаулығын сақтау саласын дамытуға қосып отырған үлесін мақтаныш етеді және «Дара», «Мейірімділік үйі», «Аяла» қайырымдылық қорларына осы жобаға қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіреді.


Мамыр 2009
16.05.09

Lancaster Group компаниясы Қазақстанның менеджмент, экономика және болжамдау институты (ҚМЭБИ) ұйымдастырған білім беру жәрмеңкесіне қатысты. Аталмыш шара дағдарыс кезіндегі ЖОО-ны тәмамдаудан кейінгі мәнсаптық өсудің негізгі мүмкіншіліктері мен келешектерін көрсетуге арналған, осы білім беру форумы үш дербес модульге бөлінген болатын. Lancaster Group Президенті Қасым Әбжанов «Дағдарыс кезеңіндегі жұмыс берушілердің қызметкерлерге қатысты қоятын талаптары мен саясаты» блогы бойынша сөз сөйледі. Өзінің сөз сөйлеуі кезінде Әбжанов мырза студенттер мен түлектерге Lancaster Group компаниясына қызметкерлерді іріктеп алу процесі, қаржылық талдаушы лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар жайлы, әңгімелеп берді, сондай-ақ өзінің практикалық кеңестері мен жеке басының мәнсаптық өсу тәжірибесімен бөлісті.

07.05.09

Жеңіс күні қарсаңында ЕРСАЙ компаниясының өкілдері Маңғыстау облысының, Құрық а. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап және он ардагерге естелік сыйлықтар, соның ішінде тұрмыстық техниканы - тоңазытқыштарды ұсынды. ЕРСАЙ дәл осы ардагерлердің еркіндік пен ашық аспан үшін күрескенін есте сақтаумен оларды жыл сайын құттықтау дәстүрін ұстанып келе жатыр.

2009 жылы ЕРСАЙ компаниясы тұрақты даму шеңберіндегі демеушілік пен қайырымдылық бағдарламалары бойынша өз жұмысын жалғастыра түседі, себебі бұл бағыттар кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды құраушысы болып табылады.

ЕРСАЙ компаниясының әлеуметтік бағдарламалары жайлы толығырақ www.ersai.kz сайтынан оқыңыз.

05.05.09
«Эксперт» рейтингілік агенттігі 2008 жылдың қорытындылары бойынша ақпараттық және коммуникациялық технологиялар нарығында қызмет етіп жатқан ең ірі компаниялардың өзінің жыл сайынғы рейтингісін жариялады. «АЙПИНЭТ» зерттеулердің қорытындылары бойынша АКТ саласындағы жетекші ресейлік компаниялардың қатарына қайта енді, соның ішінде телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну саласындағы ілгері келе жатқан компаниялардың ондығына енді (http://www.raexpert.ru/rankingtable/?table_folder=/it/2008/tab5/). Ең ірі АТ-компаниялардың тізіміндегі қатысушыларды сатылап жіктеудің негізгі критериіне компанияның немесе топтың белгілі бір кезең ішінде АТ-қызметінен түскен жиынтық түсімінің көрсеткіші жатады. Рейтингіге қатысу үшін берілген мәліметтерді белгілі бір кезең аралығындағы қаржылық есептілікті ұсыну арқылы растау қажет. «АЙПИНЭТ» жіберген қаржылық мәліметтерге агенттік жоғары сенім білдіру деңгейін берді, себебі олар аудиторлық есептілікпен расталған болатын.


Lancaster Group©2003-2012